Д.Ахметов Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың капиталын толықтыру үшін "жылжымайтын мүлік, жер ресурстары мен стратегиялық маңызы барларынан басқа жер қойнауларын, инфрақұрылымдық нысандарды" корпорациялардың иелігіне беру мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды. "Бұған қоса Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың капиталына қазірде республикалық бюджетке аударылатын экологияны пайдаланғаны үшін төлемдердің кейбір түрін беру мүмкіндіктерін зерттеуді тапсырамын",- деп мәлімдеді Д.Ахметов бүгін үкіметтің отырысында.
Осыған байланысты үкімет басшысы "барлық өткеріп берілетін активтердің нарықтағы құнын бағалауға" тапсырма берді. "Активтер Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың иелігіне өткеннен кейін акционерлік қоғамдар құрылады. Сөйтіп Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар аймақтағы тауқыметтерді шешу үшін капитал тарту мүмкіндігіне ие болады",- деді ол.
"Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың іс-қызметінде инновациялық жобаларға басымдық беріледі",- деді Д.Ахметов. Оның айтуынша, "республикалық бюджетте әрбір Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға (барлығы 7) 2 млрд. тңгеден бөлу көзеделген".
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құруға қатысты кезек күттірмейтін мақсататрды шешуге үкімет басшысы жұмыс тобына бір ай уақыт берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті