Үкімет басшысының орынбасары болған Орынбаев президенттің көмекшісі болып тағайындалды


Тиісті қаулыға Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы ҚР Премьер-министрі орынбасары қызметінен босатылып, ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын», - делінген баспасөз қызметі таратқан жарлық мәтінінде.