Үкімет бейсенбі күні ұлттық құраманың Сочи олимпиадасына дайындық деңгейін талқылайды


«Үкіметтің 5-желтоқсандағы отырысында премьер-министр мен үкімет мүшелері Спорт істері және дене шынықтыру агенттігі төрағасы Арыстанбек Есентаевтың баяндамасын тыңдайды. Ол ұлттық құраманың Сочиде өтетін қысқы олимпиада ойындарына дайындығы жайлы есеп береді», - деді ол сейсенбідегі брифингте.