Үкімет білім беру жүйесін дамытудың 2015-жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті

Тұжырымдаманы талқылау соңында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов білім және ғылым министрлігіне экономика және бюджетті жоспарлау министрлігімен, сондай-ақ, индустрия және сауда министрлігімен бірлесе отырып "тұжырымдаманы жүзеге асыруға бағытталған қаржының экономикалық есеп-қисабын дайындауды" тапсырды.

"Үкімет білім беру жүйесінің материалдық-техникалық және әдістемелік қамтамасыздығы мен оны қаржыландыру мәселесіне баса назар аударатын болады",- деді Д.Ахметов.
Сондай-ақ, үкімет басшысы білім және ғылым министрлігіне еліміз бойынша біртұтас ұлттық тестілеу орталықтарын құруға арналған қаржылық есепті таяу уақыттарда үкіметке тапсыруды міндеттеді. Үкімет басшысының пайымдауынша, мұндай орталықтар еліміздің барлық аудандарында құрылуы тиіс.