Үкімет бизнестің жолындағы әкімшілік кедергілерді жоюға күш салады

"Кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді одан әрі қысқарту, соның ішінде берілетін түрлі есептерді оңтайландыру арқылы әкімшілік кедергілерді азайтуға шаралар қолданылады",- делінген құжатта.

Үкімет сонымен бірге барлық кәсіпкерлік субьектілерді қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына көшіруді аяқтауды көздеп отыр.

Бұған қоса үкімет шағын несиелендіруді дамытуға ынталандыру, кәсіпкерлікті қолдау орталықтары мен бизнес-инкубаторлардың іс-қызметін пәрмендендіру шараларын қолданбақ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті