Үкімет бюджетті қандай бағаммен бекітетінін анықтады

Экономика министрі Ерболат Досаев 300 теңгені дұрыс деп есептейді. Осыған қарағанда, АҚШ ақшасы осы бағамда тұрақтайтын сияқты. Бірақ, баға тағы құбылса, бюджет қайта қаралады. Ал сарапшылардың пікірінше, доллар 310 теңгеге жетіп бір-ақ тоқтамақ. Әлемдік мұнай бағасының түсуіне  орай бюджет бұған дейін де бірнеше рет өзгертілген болатын. Тіпті уақытында бекітілмеуі мүмкін деген жорамалдар айтылған. Алайда, Экономика, Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк республикалық бюджет 1 желтоқсанға дейін қабылданады деп отыр. 

Loading...