Үкімет денсаулық сақтау саласында аттестациялауды өткізу ережесін бекітті

Премьер-министр Даниал Ахметов осы жөніндегі қаулыға қол қойды.

Мемлекеттік саясатта қарастырылған денсаулық сақтау саласындағы аттестациялау денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының кәсіби біліктілігінің деңгейін анықтайтын, кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын процедура болып табылады.

Қаулы мәтіні баспасөзде жарияланады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті