Үкімет "электрондық үкіметтің" даму бағдарламасын мақұлдады

"Менің пікірімше, бұл жақсы бағдарлама, ол жан-жақты дамытылған... менің позициям бойынша оған қолдау жасауымызға болады", - деп мәлімдеді премьер-министр Кәрім Мәсімов.

Үкімет мүшелері бұл ұсынысқа электрондық жаңа жүйесі бойынша дауыс берді.

Премьер -министрдің пікірінше, мұның өзінің символдық белгісі бар.

"Бүгін біздің электрондық жаңа жүйесі бойынша дауыс беруіміздің символдық белгісі бар", - деді К. Мәсімов.

Бағдарламаны ұсынған ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеевтың айтуынша, "электрондық үкіметтің" жасалуы мен дамуы 4 кезеңмен іске асырылады: бұл мақалалар мен ақпарат тарату; мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы тікелей және кері қарым-қатынастардың интерактивтік қызмет көрсетулуі; үкіметтің қаржылық порталдары мен заңгерлік операциялар арқылы трансакциялық қатынастарын орнату; ақпараттық қоғам құру.

К. Есекеевтің сөздеріне қарағанда, бағдарлама аясында "электрондық үкіметтің", облыс орталықтары мне ірі қалаларды қамтитын инфрақұрылымы кеңейтіледі: 4 облыс орталығы мен Алматы - 2008 жылы, жеті облыс орталығы - 2009 жылы, үш облыс орталығы - 2010 жылы.

Үкімет отырысы барысында экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов хабарлағанындай, бұл бағдарланың орындалуына республикалық бюджеттен 2008-2010 жылдары 16,5 млрд теңге бөлінеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті