"Біз банктерге өз міндеттемелері бойынша берешектерін қайтаруы үшін көмектесіп отырған жоқпыз", - деп мәлімдеді үкімет басшысы.
"Банктер қазір экономикаға несие бөлуді, қүрылыс секторын несиелендіруді, шағын және орта кәсіпорындарды несиелендіруді доғарды. Біздің мақсат - экономиканың даму қарқынын бәсеңдетпеу үшін аталған салаға қолұшын созу", - деді Кәрім Мәсімов.
Үкімет басшысының пікірінше, банктер "өз күшімен проблеманы шеше алады. Олар біршама қуатты".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті