Үкімет елімізде білім беру саласын дамытудың 2010-жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын қарады

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, барлық деңгейдегі білім беру жүйесін жетілдіру, қазіргі заман талабына сай оқытушыларды дайындау сапасын арттыру, білім беру жүйесінде мемлекет, қоғам және жеке мүдделердің тепе-теңдігін, білім, ғылым мен өндірістің өзара интеграциялануын қамтамасыз ету бағдарламаның басты мақсаты болып табылады.

Бағдарламаны талқылау барысында министрліктер мен мекеме басшылары жобаның жекелеген пункттері бойынша өз ұсыныстары мен ескетпелерін ортаға салды. Атап айтсақ, білім беру жүйесінің түрлі деңгейлерін өзара шектеу, жаңа оқулықтар шығару, оқытушылардың білімін шыңдау және дайындық деңгейін арттыру, мектептерді компьютермен және телефонмен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты ескертпелер айтылды.
Мәжіліс қорытындысы бойынша Б.Әйтімова жауапты министрліктер мен мекемелерге айтылған сын-ескертпелерге сәйкес жобаны толықтырып, үкімет қарауына қайтадан ұсынуды тапсырды.