Үкімет еліміздің индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған 2003-2005-жылғы шаралар жоспарының жобасын талқылауды көздеп отыр

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған 2003-2005-жылғы шаралар жоспарының жобасы туралы ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков пен экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов баяндама жасайды. Ал Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін игеру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспарын ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник таныстырады.

Сонымен бірге, ҚР үкіметінің "Қазақстан республикасының оңтүстік аймақтарын 2003-жылғы вегетациялық кезеңде суармалы сумен қамтамасыз ету жөніндегі" қаулысының жобасы үкімет мүшелерінің талқысына ұсынылмақшы.