Үкімет енді оңтүстіктен солтүстікке көшкендерге арнап үй салып бермейтін болды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Өз еркімен қоныс аударушыларды ынталандыруды жалғастыра береміз. Біздің бағдарламада еңбек күші артық облыстардан еңбек күшінен тапшылық көріп отырған өңірлерге қоныс аударуға екпін қойылған”,-деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов.

Вице-министр соңғы он жыл көлемінде мемлекет тарапынан Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Маңғыстау облыстарынан жұмыс күші тапшы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарына қоныс аударғандарға қолдау көрсетілгенін атап өтті.

“Осы бағытта бір жаңашылдық бар. Енді баспана салмаймыз. Себебі, жалпы мемлекет, Үкімет тұрғын үй саясатында басқаша қадамды бекітті. Елдегі барша баспана “Бәйтерек” желісі бойынша болуы керек. Азаматтар үшін арендалық баспана салынып жатыр”,-деді ол.


Ал қоныс аударғандардың шығыны ретінде оларға 35 АЕК көлемінде өтемақы беріледі. Биылғы жылы 2,7 мың азаматтың қоныс аударуына субсидия төлеу жоспарланып отыр.