Үкімет ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін көтеруге дайын

"Біз бюджет жобасында базалық әлеуметтік төлемдердің көлемі тікелей байланысты болып табылатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін арттыруға мүмкіндік бар деп санаймыз", -деп мәлімдеді бүгін "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясының отырысы барысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов.

"Бұл көрсеткішті біз 10 515 теңгеге дейін көтеруді жоспарлап отырмыз , жалпы алғанда ол үшін 8,7 млрд теңге қажет", - деді Б. Сұлтанов. Осы орайда ол ең төменгі күнкөріс деңгейін көтеру "тиісінше базалық зейнетақы төлемдерін де өзгертуді талап ететінін " атап өтті.

Бастапқыда 2008 жылға арналған республикалық бюджет жобасында ең төменгі күнкөріс деңгейі 8 861 теңге көлемінде межеленген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті