Үкімет ЕурАзЭҚ қызметі мен Кедендік одақты құруға қатысты құжаттар топтамасын мақұлдады

Мәскеудегі отырыста барлығы 18 құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Олардың ішінде ЕурАзЭҚ-тың санитарлық және фитосанитарлық салалардағы ақпараттық жүйесін құру туралы келісім; ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің ортақ сақтандыру рыногын құру туралы хаттама; Кедендік процедуралардың және кедендік режімдер түрлері туралы келісім; Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау тәртібі туралы келісім т.б. бар.

Құжаттар кедендік және салықтық әкімшілендіру, кедендік-тарифтік реттеу, Кеден одағының институционалдық құрылымы саласындағы нақты іске асыратын шараларды қамтиды.