Үкімет геологиялық барлау жөніндегі бес жылдық бағдарламаға қаржы бөлмек

Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Бағдарламаны жүзеге асыруға шамамен 161 млрд теңге бөлінеді, деп вице-министр бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі алдыңғы бес жылдық бағдарламаны жүзеге асыру барысында шамамен 40 млрд теңге игерілген.

«Бүгінгі таңда біз бұл бағдарламаны бағалы металдар, алтын, сирек металдар, мыс және т.б. іздеуге шоғырландырамыз», - дейді Н.Сауранбаев.

Бұл бағдарлама «Қазақмыс», Қазмырыш» секілді ірі жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан қосымша инвестиция алған. Бұл компаниядар тиісті келісмідерге қол қойды.


Н.Сауранбаев биыл Астанада «Назарбаев Университеті» базасында Геологиялық орталық құрылысы басталады.