"Үкімет инфляцияны ауыздықтай алады. Ол кейінгі бірнеше жылдан бері кең көлемді саясат жүргізіп, Ұлттық банкпен бірлесе шаралар қолдануда", - деді М. құсайынов.
Сонымен бірге ол , бюджет жобасында инфляциялық дәліздің 6 - 8% (ағымдағы жылы 5 - 7%) болып өзгертілуіне қатысты түсініктемесінде бұл сандардың "нақты болжамға негізделгенін" жеткізді.
"Былтыр инфляция 8 - 6% болды, біз инфляцияны осы аяда ұстап тұра алдық, ал биыл да инфляция осы аралықта - 8% сақталады. Сол себепті біз нақты болжамды негіз етіп алдық , ол - 6 - 8%", - деді вице-министр.
Осы орайда ол болжамның өзгеруі әлеуметтік төлемдерге әсер ететінін, атап айтқанда, инфляциялық дәліз 5 - 7% болған жағдайда индексация 8%-ке, дәліз болжамы 6 - 8% болғанда, индексация 9%-ке жасалатынын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті