"Бұл проблеманы қалай еңсеруді біз білеміз деп сіздерді иландыра аламыз (тарифтер мен инфляцияның көтерілуін)", - деп мәлімдеді К. Мәсімов.
"Үкімет табиғи монополиялар қызметінің тарифтерінің негізсіз көтерілуіне жол бермеуге қатысты принциптік шешім қабылдады. Егер оның көтерілуі негізделген болса, онда оған біз рұқсат береміз, бірақ оның көлемі белгіленген инфляция деңгейінен асып түспеуі керек", - деп түсіндірді премьер.
Ол атап өткеніндей, үкімет "бағаларды тұрақтандыра алды". К. Мәсімов атап өткеніндей,"2008 жылдың бірінші тоқсанында инфляция 2,5% құрады. Бұл ТМД елдері арасындағы ең төменгі көрсеткіш".