"Біз инфляцияның Еуропа мен ТМД нарығынан импортталуы мүмкіндігіне алаңдаулымыз, ал оларда өнімдердің бағасы өсе түсуде, сол себепті біз болуы мүмкін қауіп-қатерлерге дайындалып жатырмыз", - деді Ө. Шүкеев.
Оның айтуынша, үкіметте тиісті жұмыс тобы құрылды. "Мүмкін кейбір ресурстарды басқаша бағытқа жіберуге тура келетін шығармыз", -деді ол.
"Бірақ біз осынау қаржы нарығындағы аздаған тұрақсыздану ахуалынан дұрыс өтіп, еліміздің қаржылық нарығы үшін ең аз шығынмен шығамыз деп ойлаймын", - деді Ө. Шүкеев.