Үкімет ірі компаниялардың мамандар дайындау мен оқу орталықтарын құруға талпынауын ынталандыруға тиіс - президент

"Қазір жинақталып қалған проблемаларды шешу үшін біріншіден, үкімет президенттің әкімшілігімен бірлесіп мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу барысын тұрақты бақылауға алып, ірі компанияларды өз мамандарын дайындауға талпынуын ынталандыруы қажет", -деді президент.

"Сондай-ақ, ірі шетелдік және ұлттық компанияларға заманауи корпоративтік оқу орталықтарын құруға, немесе мамандарды тікелей жұмыс орындарында оқытуға септігін тигізу қажет. Бұл орталықтардағы жабдықтар ең озық, ал жұмысшыларды оқыту үздіксіз жүргізілуге тиіс", - деді президент.

Сонымен бірге, мемлекет басшысының пікірінше, "компанияларда бар оқу орталықтарын жанама қамтамасыз етуші компаниялардың мамандарын және шағын және орта бизнес кәсіпорындарының мамандарын дайындауға тарту жайлы ойластыру қажет".