"Үкімет алдағы кезеңге ішкі астық және азық-түлік нарығының тұрақтылығына толық кепілдік береді. Біз әлемдік азық-түлік нарығында келешекте болатын кез-келген ахуалға дайындалдық. Ел президентінің тапсырмасымен үкімет үстіміздегі жыл бойы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізді. Бірінші қажеттіліктегі өнімдер - ет, құрғақ сүт, өсімдік майы, қант пен күріштің тұрақтандыру қорлары құрылды. Мемлекеттік тұрақтандыру қоры мен мемлекеттік резервтегі астық қоры 1 млн тоннаға жетеді", -деп мәлімдеді Кәрім Мәсімов.