Үкімет кәсіпкерлерді көлеңкелі бизнесті жарыққа шығаруға ынтыландырмақшы

Отырысқа төрағалық жасаған үкімет басшысы Даниал Ахметовтың пікірінше, шағын бизнес кәсіпорындары үшін олардың іс-қызметіне артықша кедергі келтіретін есеп беру түрлері мен санын мейлінше азайту қажет.

Үкімет басшысы кеңесшілер тобына аталмыш мақсатқа қол жеткізуге және кәсіпкерлерді көлеңкелі бизнесті жарыққа шығаруға ынтыландыруға қосымша жағдайлар тудыруға бағытталған арнаулы ұсыныстар жобасын әзірлеуді тапсырды.