Үкімет коммерциялық банктердің шетелдерден несиелер алу мәселесі бойынша қатаң ұстанымға ден қоймақшы

"Мемлекеттің шетелдерден алған несиесі тым мардымсыз. Алайда, қазақстандық субьектілердің алған қарызы біздің алаңдаушылығымызды туғызып отыр",- деді К.Мәсімов. "Бұл жерде әңгіме фирмалар арасындағы берешек туралы да, біздің банктердің сыртқы рыноктан алған несиелері туралы да болып отыр", деді ол.

"Үкімет ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігімен және Ұлттық банкпен бірлесе отырып, бұл мәселе бойынша қатаң ұстанымға көшеді. Өйткені, сырттан алатын несиелер мөлшері белгілі бір табалдырықтан аспауға тиіс. Біз бұл туралы ашық айтып отырмыз",- деді К.Мәсімов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті