Үкімет маңызды энергетикалық нысандарды салу жөнінде шарт жасасу барысын жеделдетуге тиіс - Қазақстан президенті

"Инвесторлармен арадағы келісім-шартына жылдың аяғына дейін қол қоюды немесе құрылысты өз күшімізбен бастауды тапсырамын. Сөзден іске көшетін кез келді. Энергетика экономиканың дамуын тежеушіге айналуы мүмкін", - деді президент.

"Біз Балқаш пен Қостанай облысында электр станцияларын салу, Жамбыл ГРЭС-ін кеңейту, электр жалғастыру желілерін кеңейту жайлы жиі айтамыз. Үкімет бұл мәселені отырыстан отырысқа жалғасқан сылдыр сөзге айналдырып жіберді, бұл мәселе бойынша министрлік те, үкіметтің басшылығы да ештеңе тындырып отырған жоқ", -деді Елбасы.

Президент жылдың қорытындысы бойынша осы тапсырмалардың орындалуы бойынша есеп беруге тиіс екенін атап көрсетті. "Егер осы дағдарыс болмағанда, біз елімізде электр қуаты мен транспорттың жоқтығынан тоқтап қалар едік. Енді тағы да аздап дамылдап, тоқырып қалған тылымызды нығайтып алуға мұрсат беріліп отыр", - деді Н. Назарбаев.