Үкімет мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйлерді сатуға үш жыл мерзіммен тыйым салды

“Жылжымайтын мүлік нарығында алыпсатарлыққа жол бермеу үшін мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйлерді сату және сатып алу жөніндегі келісім-шартында үйді азаматтың үш жылдың ішінде сату құқығына ие бола алмайтыны туралы шарт енгізілуге тиіс”,- делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен бірге үйлерді сату тәртіптеріне толықтыру енгізілді. Соған сәйкес мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйлерден баспана алудан үміттене алатын мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің тізімі бекітілді. “Бұлар - дәрігерлер, ұстаздар, ғалымдар, спортшылар, кітапханашылар тәрізді әлеуметтік сала қызметкерлері. Қызметкерлерінің тең жартысынан астамы мүгедектер болып табылатын кәсіпорындардың қызметкерлері де осы тізімге кіреді”,- делінген хабарламада.

Қаулының мәтіні ресми баспасөзде жарық көреді.