Үкімет мемлекеттік сатып алу аясындағы қазақстандық тауарлар көлемін ұлғайтуға бірқатар шаралар қолдануда

"Бұл талдауға сәйкес, негізінен мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік органдар, министрліктер мен мекемелер, әкімдіктер жүзеге асырады. Біз қазір министрліктер мен мекемелердің, әкімдіктердің, барлық мемлекеттік компаниялардың, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының, "Қазагро" мемлекеттік холдингінің бірінші басшылары мемлекеттік сатып алулар аясындағы қазақстандық тауарлар көлемін ұлғайту үшін жеке жауапкершілік жүктейтін болдырып, нормативпен реттемекшіміз", - деді Ө. Шүкеев.

"Ал жер қойнауын пайдаланушылар мен инвесторларға келсек, біз оны қадағалайтын боламыз, Индустрия және сауда министрлігі арнаулы шара қолданатын болады, яғни, осы құрылымдарға өткізілген кез-келген тендерге импорттық жабдықты отандық өнімге ауыстыруға мүмкіндік болды ма деген тұрғыда талдау жасалатын болады. Бұл мәселе бірінші басшылардың деңгейінде қаралуға тиіс", -деді вице-премьер.

"Ол үшін бір айдың ішінде арнаулы нормативтік базаны қалыптастыру, соның ішінде офсеттік саясат жөніндегі заңның жобасын жасау көзделуде, бұл база Қазақстандық өнім өнідірушілердің машиналары мен жабдықтарын сатып алуға ынталандыратын болады", - деді вице-премьер.

Ол кеше президент қол қойған "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңда "өнімінің бөлшектерінің 50% астамын елдің өз ішінде өндіретін компаниялар отандық тауар өндіруші деп саналатыны айқын көрсетілгенін" еске салды.

Вице-премьердің мәліметінше, бүгінде минералдық - шикізат кешені үшін жылына шамамен 16 млрд доллардың машина жасау саласының өнімдері сатып алынады. "Оның тек 7% ғана еліміздегі кәсіпорындарда жасалады, ал импорт басымдыққа ие, машина жасау саласы өнімінің импорты 2007 жылы $15,2 млрд, немесе республиканың жалпы импорты көлемінің 47% құрады", - деді ол.

"Тек мұнайгаз саласының дамуы Теңіз, Қарашығанақ, Каспий теңізінің Қазақстандық секторы секілді ірі жобаларға негізделеді. Олардың жабдықтар сатып алу көлемі $8 - 10 млрд бағаланады, бұл отандық жабдықтардың бөлшектерін өндіру көлемін кеңейту мүмкіндігін бермек", - деді ол.