"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мен ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне 2009 жылы мұнайдың бір баррелінің бағасы $40, 2010-2011 жылдары бір барреліне $50 тұрады деген есеппен 2009 - 2011 жылдарға арналған бюджетті қайта есептеп шығуға тапсырма бердім", - деді Кәрім Мәсімов.
"Ел президентінің тапсырмасымен бюджетке енгізілген барлық әлеуметтік бағдарламалар орындалады деп тағы бір рет атап өткім келеді", - деп мәлімдеді ол.