Үкімет мұқтаж жандардың кредиттік борыштарын кешірудегі тәртіпті бекітті

Енді 13-ші қыркүйекке дейін проблемалы несиелер қоры Ұлттық Банк пен Еңбек министрлігіне қарыздардың толық жабылғаны туралы ақпарат беруі тиіс.

Бұл туралы 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасында айтылды.

Бірақ әзірше банктер борышкерлерге хабарласып, несие қарызын өтеңіздер деп талап етулерін тоқтатпапты.

ДИНАРА ІЛИЯСОВА, көпбалалы ана:
– Бізге смс-тар келеді кредитіңіздің пениясы өсіп жатыр, төлеңіз, сотқа береміз, сот арқылы өндіріп аламыз, арест арқылы, арестке береміз, солай солай. Әрине, жауап беруді қалаймын. Бес баламен екі күннің бірінде больницада.

Осылайша бес баласымен құлағалы тұрған баспананы мекен етіп жатқан Ілиясовтар отбасы Үкіметтен үлкен үміт күтіп жүр. Үш банктен алған 1,5 миллион теңгенің несиесін жабуға жағдайлары келмейді. Кредит қарызын төлеп бергенше банк алдындағы берешегіміз күннен-күнге өсіп жатыр дейді. Енді Ілиясовтар сияқты көмек күтіп отырған жүздеген отбасына әлі де күте тұруларына тура келетін сияқты.

Ал, біз Үкіметтің кімдердің кредитін өтеп беретінін тағы еске сала кетейік.


Көпбалалы және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алып отырған отбасылар, бала жасынан мүгедектер бар отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, ата-анасынан кәмелеттік жасқа дейін айырылғандар
Бірақ, банктен алған қарыздың жалпы көлемі 3 миллион теңгеден аспауы тиіс. Ал, үкімет соның 300 мың теңгесін ғана өтеп береді.