Үкімет мүшелері ауыспайды және банк саласында отставкалар болмайды - Н. Назарбаев (толықтырылған нұсқа)

"Менің ойымша, үкімет жалпы кәсіби жұмыс істейді, мамандар дайындалған. Үкімет мүшелері арасында ауыс- түйістер және банк саласында істейтіндердің отставкалары болмайды және күтілмейді", - деді Н. Назарбаев. " Шаралар қазір қабылданды, сол шараларды іс жүзінде орындап, нәтижесін біздер (мемлекет басшылығына) мен халыққа баяндап беру үшін біз оларға мүмкіндік беріп отырмыз",- деді президент.

Сонымен қатар, ол :" бүгінгі мемлекеттік даму кезеңі мүлдем басқаша деңгейдегі жауапкершілікті, үкімет мүшелері мен облыс әкімдерінің жаңаша сапа деңгейінде еңбек етуін қажет етеді",- деді. "Осындай түсініксіздіктен, айтарлықтай қателер кетті, оны жалпы үкіметтің қатесі деуге болады, оның ішінде қаржы министрлігі бар" деп қадап айтты ол. "Жоқ жерден жанар-жағар майдың мәселесі туындады, кейін сыра мәселесі шықты. Заңға енгізілген өзгерістер барлық жұмысымызға кедергі келтірді. Сондықтан, мен өз жарлығыммен қаржы министрін қызметінен босаттым", -деді елбасы.

Президент атап өткеніндей, "әрбір министр, мемлекеттік ұйымның жетекшісі алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдан келген барлық шараларды қолдануы керек". Сонымен бірге ол "парламентпен бірге үкімет те экономикаға жауапты, жеке министрліктің жіберген қателіктері үшін үкімет жауап беруі керек", деді. "Олардың жауапсыздығынан және парламент тарапынан олардан жауап талап етілмегендіктен, осындай қателер мен олқылықтарға жол беріледі. Әрбір үкімет мүшелерінен және жалпы үкіметтен жауап алынады. Осыны мықтап жадыларыңызда сақтаңыздар және қордаланған мәселелерден жалтаруды доғарыңыздар", -деп мәлімдеді Н. Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті