Үкімет Наурыз мерекесі мен Астана күніне орай демалыс күндерін ауыстырды

Бұл туралы премьер министрдің ресми сайты хабарлады. 

Қаулыға сәйкес, демалыс күндері 2017 жылғы 18 наурыз сенбіден – 2017 жылғы 20 наурыз дүйсенбіге және 2017 жылғы 1 шілде сенбіден – 2017 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылды.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.