Вице-премьер Өмірзақ Шүкеевтің ұсынысы бойынша үкімет бір дауыстан қабылдаған шешіммен "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жетекшісі болып Асқар Мырзахметов, ал "Жетісу" корпорациясының жетекшісі болып Серік Сұлтанғалиев тағайындалды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, А. Мырзахметов кейінгі кездері Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі, С. Сұлтанғалиев - "ҚазТрансГаз" АҚ-ның бас директоры қызметін атқарған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті