Үкімет отырыс барысында судың тарифін құрудың жаңа тетігін қарастырады

Оның айтуынша, сейсенбі, 25 желтоқсан күні С.Ахметовтың төрағалық етуімен үкімет отырысы өтеді. Онда суға тариф құрудың жаңа тетігі қарастырылады. 26 желтоқсан күні С.Ахметов ұялы байланысты дамыту және EXPO-2017 халықаралық арнайы көрмесіне дайындық мәселелері бойынша екі кеңес өткізеді.

Сонымен қатар, апта ішінде үкіметте «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша кеңес өтеді.