мәселелері қаралады. Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«Ертең Үкімет отырысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланатын болады. Министрлер кабинеті бағдарлама аясында өткен жылы атқарылған жұмыстар мен биылғы жоспарларды кеңінен қарайтын болады», - деді ресми өкіл.