Үкімет пайдалы қазба өндіруге салынатын салықты мұнай мен газ конденсатына алынатын қор мен өндіру көлемін ескере отырып прогрессивті шкала бойынша белгілеуді ұсынады

"Рентабельділігі төмен, қою тұтқыр, сулы, дебеттілігі төмен және игерілген кеніштер үшін пайдалы қазба өндіруге салынатын салық ставкаларына төмендететін коэффициенттер белгіленеді".

Осындай кеніштердің тізімі ҚР үкіметінің қаулысымен айқындалады деп ұсынылуда.