Үкімет қариялардың зейнетақысын қайта есептеп жатыр


Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

-Егер де азамат 1 күнде жұмыс істемеген болса, жинақтаушы зейнетақы қоры жүйесіне қосылмаса, онда біз ол азаматқа күнкөріс деңгейін 50 пайызын береміз.  Әлеуметтік зейнетақы   алу үшін. 20 жылдық өтілі  болса, онда базалық зейнетақы бүгінгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына тең болады. Ал егер азаматтың 35 жылдық еңбек өтілі болса, 98-ші жылға дейін. 98-інші жылдан кейін де онда оның бәрі қосылады да, 100 пайыз күкнкөріс деңгейнінің есебінде базалық зейнетақы алатын болады.

Мәселен, қазіргі орташа 32 мың теңге зейнетақының 22 мыңы үстеме, қалғаны базалық ақы деп есептеледі. Енді еңбек өтілі 35 жылдан артық қарттарға сол базалық ақы екі еселеніп, 42 мың теңгеге дейін өспекші. Ал бұған дейін ұзақ жылдар бойы аянбай тер төккендер, жұмыс істемей зейнетке шыққандармен бірдей зейнетақы алып келген еді. Енді еңбек өтілі көп қарияларға ақша көп төленеді. Еңбек өтілі аздары сол базалық зейнетақы яғни 10 мың теңгені місе тұтады. Осылайша, Еңбек министрлігі үлкен келіспеушілік тудырған мәселені түбегейлі шешпек ойда. Қазір тиісті құжат Үкіметте жатыр. Жақын арада бекітілуі тиіс.