Ж.Асанов 1963-жылы Қызылордада туған. С.Киров атындағы ҚазМУ-ін заңгер мамандығы бойынша тәмамдады. Әділет жөніндегі аға кеңесші болып табылады. 1997-жылға дейін Бас прокуратураның бақылаушы органдары мен ҚР президенті әкімшілігінде жұмыс істеген. 2001-жылға дейін ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі болды. 2002-жылға дейін Алматы қалалық прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2002-жылдың ақпан айынан бері Павлодар облыстық прокуроры болды.
С.Баймағамбетов 1958-жылы Көкшетау облысында туған. Мәскеу мемлекеттік Университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты. Ішкі қызмет генерал-майоры деген шені бар. 2000-жылға дейін президент аппараты, министрлер кабинеті және ҚР қауіпсіздік кеңесінің әртүрлі басқарушы лауазымдарында қызмет істеді. 2001-жылдың қаңтарынан бері ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары болды.
Н.Смағұлов 1950-жылы Алматыда туған. Қазақ Мемлекеттік Университеті мен Кеңес Одағы ІІМ Академиясын бітірді. Полковник шені бар құқықтанушы-заңгер. 1995-жылға дейін Шығыс Қазақстан облыстық ІІБ бастығы қызметін атқарды. 1999-жылға дейін ҚР үкіметі аппаратының қорғаныс және құқық бөлімінің меңгерушісі, үкімет шешімдерін дайындап үйлестіру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР үкімет басшысы канцеляриясының қорғаныс және құқық бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2000-жылға дейін ҰҚК-нің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті төрағасының орынбасары болды.