Бағдарламаның мақсаты - ғылымды халықаралық деңгейге көтеруге саяды. Қазір отандық ғылымды дамытудың бес басымдық берілген бағыты анықталған - олар нанотехнологиялар, биотехнологиялар, ядролық және ғарыштық технологиялар, сондай-ақ, көмірсутегі және тау-кен-металлургиялық саланың озық технологиялары.
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін 200 млрд. теңге қажет, дейді білім және ғылым министрі Бірғаным Әйтімова. "Бағдарламаны жүзеге асырудың 2007-2009-жылдар аралығындағы бірінші кезеңі 83 млрд. теңгені, 2009-2012-жылдар аралығындағы екінші кезеңі 108 млрд. теңгені талап етеді",- деді ол.
"Бағдарманы жүзеге асыру барысында 2009-жылға дейін жоғары ғылыми-техникалық кеңестің жанынан халықаралық сарапшылар кеңесі құрылып, басымдық берілген ғылыми бағыттар бойынша ғылыми-техникалық бағдарламалар қабылданып, басымдық берілген бағыттар бойынша бес ұлттық ғылыми зертхана мен жоғары оқу орындарының жанында инженерлік бағыттағы он- он бес зертхана құрылады",- деді Б.Әйтімова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті