Үкімет қазақстандық кәсіпорындар үшін шикізатқа кедендік баж алымын төмендету мүмкіндігін қарастыруда


"Отырыс барысында отандық кәсіпорындар үшін шикізатқа импорттық баж алымының мөлшерлемесін азайту және мазут, вакуумды газойл мен пеш отынына қатысты әкетілетін баж алымын өзгерту жөніндегі ұсыныстар қаралды”, делінген премьердің баспасөз қызметінен таралған ақпаратта.
Отырыстың нәтижелері бойынша Б.Сағынтаев бірқатар сәйкесті тапсырмалар берді.