Үкімет басшысының айтуынша, "бүгінде үкімет Шымкент мұнай өңдеу зауытының тағдырынан қалыс қалмауға талпыныстар жасауда, сонымен бірге Павлодар мұнай өңдеу зауытымен арадағы қарым-қатынасты да қайта қарамақшы". "Біз бұл бағытта таяу уақыттарда оң нәтижеге қол жеткіземіз деп сенемін. Ол нарықтағы жанармайға қатысты ахуалды тұрақтандырып, бағаны біршама арзандатуға мүмкіндік береді",- деді үкімет басшысы.
Сонымен бірге Д.Ахметовтың айтуынша, ҚР индустрия және сауда министрлігінің бәсекелестікті қорғау комитеті мен Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 14-қазанда мұнай өнімдерін өндіру, сату және сақтаумен айналысатын рынок субьектілерін монополияға қарсы күрес заңнамасына бағыну тұрғысында кең көлемде тексере бастады. Бұл тексеру елдің барлық аймақтарында бір айға созылады, деді Д.Ахметов.