Үкімет қазақстандықтарды үнемді көлік сатып алуға ынталандырмақ

Қазақстан үкіметі сейсенбіде отырыста "Энергия тиімділігі 2020" бағдарламасын мақұлдады, онда халықты үнемді көлік сатып алуға ынталандыру көзделген.


           "Бағдарламада әуе кемелері мен теміржол локомотивтерінің паркін жаңалау, халықты үнемді көлік сатып алуға ынталандыру, яғни отын тұтынушылықты 30 пайызға төмендету көзделген", деп хабарлады Қазақстанның индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Нұрлан Сауранбаев отырыста бағдарламаны ұсынған кезде.
           "Бағдарламаның бағыттарының бірі, энергияны тиімді пайдалана отырып жарық беру, яғни бірте-бірте қалаларда және халық қоныстанған пункттерде көшеге жарық түсіруді жаңалау, тұтас алғанда ел бойынша жарық беру секторының энергия тұтынушылығын 60 пайызға азайту", деді министр.
           Бағдарламада сондай-ақ энергия үнемдеу бағдарламасын орындауға қоғамдық мониторинг жүргізу, энергия үнемдеу саласында кадрларды дайындау көзделген.