"Қазақстанның бәсекелестік қабілетін тұрақты өсіру стратегиясының жобасы жасалып, стратегиялық және орта мерзімдік бюджеттік жоспарлау, мониторинг, бақылау және жоспарлауға қатысты барлық субьектілердің жауапкершілігі, мемлекеттік басқару органдарының іс-қызметінің бағыттары мен ақырғы нәтижесі мәселелерін реттейтін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі бірқатар құқықтық-нормативтік актілердің жобасы жасалады",- делінген бағдарламада.
Атап айтсақ, мемлекеттік мекемелерде стратегиялық жоспарлауды енгізуге, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердің іс-қызметінің ақырғы нәтижесін бағалауға бағытталған құқықтық-нормативтік актілерді қабылдау межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті