Үкімет Қазақстанның жүйе құрушы төрт банкінің акционерлік капиталына қосымша қаржы құюды ұсынды

"Қаржылық бақылау агенттігі дайындаған нұсқауларға сәйкес үкімет еліміздің жүйе құрушы төрт банкі - "Альянс банк", "БТА банк", "Халық банкі" мен "Қазкоммерцбанк" акционерлеріне осы банктердің капиталының жеткіліктілігін нығайту үшін акционерлік капиталына қосымша қаржы құюды ұсынды", - деді Кәрім Мәсімов.