"Құрылыс қарқыны мен оның көлемін сақтап қалу үшін, сондай-ақ 2007-2008 жылы құрылыс нысандарының тапсырылуын қамтамасыз ету үшін, құрылыс компанияларына "Қазына" ТДҚ арқылы қолдау көрсету ұсынылды" деп мәлімдеді үкімет отырысында премьер- министрдің орынбасары Ербол Орынбаев.
Бұл бағыттығы жоспарды іске асыру үшін, "" Қазынаның" жанынан еншілес компания ашамыз, ол мемлекеттік комиссияның операторы жұмысын атқарады. Еншілес компания әкімдіктер мен екінші деңгейдегі банктерден келіп түсетін барлық ақпаратты тексеріп, жинап, талдап қана қоймай, құрылыс нысандарын салуға қажетті қаржының есеп-қисабын жасайтын болады" деп түсіндірді Е. Орынбаев. Берілген ақпарат бойынша, мемлекеттік комиссия нысандарды бекітіп, екінші деңгейдегі банктерге бөлінетін қаржы көлемін және бөлінетін мөлшерді анықтайды.
"Қазына" қаржыны қайтарып алу құқығымен, екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне 9% өсіммен үш жылға орналастыратын болады. Шарт бойынша, екінші деңгейдегі банктерге, нысана құнының көлемінен 15 % төмен емес қаржы банктер және құрылыс компаниялардың есепшотына аударылуы тиіс", - деді Е. Орынбаев.
Ол атап өткеніндей, "үкімет бұл механизмді іске асыру үшін, екінші деңгейдегі банктермен қарым-қатынас туралы келісім-шарт жасайды". Вице-министр айтқанындай, "Қазына" қорына " биыл республикалық бюджеттен компанияның капитализациясына $400 млн немесе 2008 жылы $1 млрд қаржы бөлу туралы ұсыныс жасалды".
Вице-премьер атап өткендей, " бұл жұмыста Қазақстан ипотекалық компаниясы (ҚИК) ерекше міндет атқаратын болады, бүгінде оларға 20,5 млрд теңге бөлінді.
"ҚИК қаржысы ипотекалық несиелер бағдарламасы бойынша, қайта қаржыландырылатын 74 жобаға жұмсалады. Бұл жобаларды "Қазына қоры ұсынады", - деді Е. Орынбаев.
"Сөйтіп, "Қазына" мен ҚИК жұмысы бір жүйемен үйлестіріледі, сөйтіп қолдау механизмдерін тиімділігі артады", деді Е. Орынбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті