Тыйым Ресейден теміржол арқылы тонналап келетін дизель отынына қатысты. Энергетика министрлігінің шектеуі мамырдың жиырмасына дейін созылмақ. Бұған дейін Қазақстан тарабы наурыздың бесінен бастап бензин тасуға тыйым салған-ды. Мұны Үкімет онсыз да қоймаға сыймай жатқан жанармайдың көптігімен түсіндірген. Алайда 45 тәулікке созылған бұл шектеудің уақыты біте салысымен, солярканың ел аумағына кіруіне тоқтам салынып отыр. Энергетика министрлігі егіс науқанына қажетті қор бар, тапшылық болмайды және баға да өспейді деп сендірді.
Loading...