Үкімет республикадағы бизнес-ахуалды жақсартатын бірқатар заң жобасын парламентке енгізеді - Кәрім Мәсімов

"Таяу уақыттарда үкімет парламентке жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша, шағын кәсіпкерлікті және бизнес-инкубаторларды дамыту және олардың қызмет ету процедураларын жетілдіретін, сондай-ақ,"Шағын несиелік ұйымдар туралы" және "Несиелік серіктестіктер туралы" заңдарға енгізілетін түзетулерді енгізеді. Олар мүмкіндікті молайтып, отандық және шетелдік инвесторларды тартуға жағдайлар жасап, шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендірудегі кедергілерді азайтады", -деді Кәрім Мәсімов.