Үкімет республикалық бюджеттен 40 млрд. теңгені игере алмады - ҚР Елбасы

"Желтоқсанда үкімет бұл қаржыны кез-келген жерге оңды-солды тықпалай бастайды",- деп сынап өтті Елбасы. Соған қарамастан, Н.Назарбаевтың айтуынша, қазір тендерлік комиссияларды заң бұза отырып бірнеше мәрте өткізу салдарынан мемлекеттік сатып алуға байланысты қиындықтар туындап отыр.

Үкімет басшысына "ұлттық компаниялардың шығындарына жан-жақты тексеру жүргізу" жөнінде тапсырма берілді. Елбасы "ұлттық компаниялардың кірісі мөлшерден тыс штатты ұлғайтуға емес, халықтың тұрмыстық деңгейін арттыруға жұмсалсын" ,- деп қадап айтты.
Сондай-ақ, үкіметке жеке меншік сектормен жүргізілетін жұмыстардың белсенділігін арттыру тапсырылды. Президенттің пікірінше, үкімет пен кәсіпкерлер арасындағы делдалдық ролін қазір бар күш-жігерін қызметке жұмылдыра алмай отырған Сауда-өнеркәсіптік палата атқаруы тиіс.