Кәсіпкерлер осы және тағы да басқа ұсыныстарды 2007 жылдың 6 желтоқсанында Астанада өткен кездесуде үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің берген тапсырмасы бойынша дайындады, деп хабарлайды агенттік Қазақстан кәсіпкерлері форумының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қазақстан кәсіпкерлері форумының атқарушы директоры Мұнавара Палташеваның пікірінше, бизнестің дамуына көбінесе заңнамалардың жетілдірілмегені, өкілетті органдардың нашар қызметі және даму институттары арасындағы қарым-қатынастарының сылбырлығы кедергі келдіреді.
Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚКФ дайындаған ұсыныстарында үкіметтің 23 бұйрығы мен 37 қаулысына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың кестесі келтірілген. " Үкіметтің бірқатар қаулылары мен бұйрықтары бизнесте қордаланған мәселелерді толығымен шеше алмайтынын ескере отырып, форум мүшелері 16 заңға 95 өзгерту енгізіп, 6 кодекске 88 толықтыру жасау жөнінде ұсыныстарын енгізді. Ал жалпы форумның жұмыс тобының мүшелерімен заңнамаларға енгізілетін 263 ұсыныс дайындалды", - деп хабарлады М. Палташева.