Үкімет сәуірде метеоқызметтің мониторинг жүргізу жүйесін жаңалау мәселесін қарайды - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

"Халықаралық сарапшылардың мәліметінше, метеорологиялық қызметті жеткілікті деңгейде жабдықтамау салдарынан Қазақстанның жыл сайынғы экономикалық шығыны шамамен $140 млн құрап отыр", -деді Н. Ысқақов. Оның атап көрсетуінше, "елдің экономикалық құрылымында күн райына тәуелді салалардың үлес салмағы 45% құрайды".

"Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымның стандартына сәйкес дамыған елдер үшін Әлемдік банк сарапшалыраның қатысуымен мониторинг жүргізу жүйесін жаңалау тұжырымдамасының жобасы жасалған. Дүниежүзінде осындай жүйе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторы болып саналады. Бұл мәсееле сәуірде үкіметтің отырысына шығарылады", - деді министр.