"Ел президенті үкіметке депутаттық корпусқа ұсыныспен шығып, 2006-жылдың 1-қаңтарынан бастап Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы жоғары деңгейде зардап шеккен өңір тұрғындарына, сондай-ақ, 1940-1990-жылдар аралығында полигонның төтенше және максималды аймағында тұрған және қазір басқа аймақтарға қоныс аударған тұрғындарға өтемақы төлей бастау туралы бізге қосымша тапсырма жүктеді",- деді үкімет басшысы.
"Сіздерден осы ұсынысты қолдауды өтінемін",- деді үкімет басшысы. "Республика үкіметі тиісті есептерді қысқа мерзімде дайындап әкелуге әзір",- деді ол.
Таяуда мемлекет басшысы үкіметке Семейдегі ядролық сынақтардан зардап шеккендерге 2007-жылдан бастап өтемақы төлеуге тапсырма берген. Алдын-ала есеп бойынша азаматтарға бір мәрте ақшалай өтемақы беруге 14 млрд. теңге қажет.
>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті