"Біз қазір үкіметке Шу аңғарында қатарында 30 қызметкері бар есірткіге қарсы бөлімше құру туралы ұсыныспен шықтық. Ұсынысқа қолдау білдірілді, қазір осы құрылымның қызметкерлерінің санына қатысты мәселе үкіметтік деңгейде талқыланып жатыр",- деді А.Дүйсенбекова.
Комитет өкілінің хабарлауынша, ІІМ болашақ бөлімшені жол талғамайтын көліктермен және тіпті тікұшақпен қамтамасыз етуді көздеп отыр. "Бұл мәселе кешікпей оң шешімін табады деп сенеміз. Өйткені, республикалық бюджет тарапынан да, халықаралық ұйымдар тарапынан да көмек көрсетіледі деп межеленген",- деді ол.
А.Дүйсенбекованың айтуынша, "қазіргі күні Шу аңғарында бақылауды жүзеге асыратын бөлімшелер көптеген халықаралық ұйымдар мен елшіліктерден көмек алады. Кешегі күні ғана Германия елшілігінің өкілдерімен кездесу өтті. Онда жабдықтар кешені табыс етілді. Ол шұғыл ақпаратпен алмасуға және байланыспен қамтамасыз етуге коммуникациялары жоқ, бір-бірінен шалғайда орналасқан бөлімшелердің өзара байланысқа шығуына арналған",- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осыдан бір ай бұрын есірткі саудасымен күрес комитетінің басшысы Маратқали Нүкенов ІІМ-нің республиканың оңтүстігінде есірткіге қарсы "Дельта-Долина" деп аталатын арнаулы бөлімін құрмақ ниетте екенін, оның "халықаралық есірткі сатушы құрылымдарды анықтаумен айналысатынын" хабарлаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті