Үкімет студенттердің жолақысына жеңілдік көрсету мәселесін жуырда шешеді

Г.Гамарниктің хабарлауынша, білім министрлігі "Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша орта және жоғары оқу орындарында оқитын жастарға өтемақы төлеу есебінен жолақысына жеңілдік көрсету жөніндегі" үкімет қаулысының жобасын жасаған.

"Қаулының жобасы қазір үкіметтің қарауында, үкімет басшысы оған осы аптада қол қояды деп сенеміз",- деді министрдің орынбасары.
Қаулы жобасына сәйкес, өтемақы мөлшері 4 айлық есептік көрсеткіште тең (3384 теңге) болмақ. 7768 теңге мөлшеріндегі өтемақы екі демалыс мерзіміне деп бір жолы беріледі.
Г.Гамарниктің айтуынша, бұл қаулы қаржымен қамтамасыз етілген. Бірақ ол қаржының мөлшерін нақтыламады.